Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматы облысында автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам қаза тапты / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматы облысында екі автокөліктің үстіне ағаш құлап, әйел адам қаза тапты деп хабарлады аймақтың денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға 28 маусымда Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы автожол учаскесінде болған. Ағаш екі жеңіл автокөліктің үстіне құлаған. Ауруханаға бес зардап шеккен ада жеткізілді. 61 жастағы әйел көптеген жарақаттармен түскен, оның жағдайы өте ауыр болған. Дәрігерлер ота жасағанымен, алған жарақаттары өмірмен үйлесімсіз болып шықты. Пациент қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 38 және 39 жастағы екі ер адам жатыр.

«Біреуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Жүрегі мен өкпесі зақымдалған. Екіншісі травматология бөлімшесіне ауыстырылды, жағдайы тұрақты. Жеңіл жарақат алған адам қолхатпен үйіне шығарылды. 11 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды, жағдайы тұрақты», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләйлә Серікбаева.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда жел ғимараттарды қиратып, бірнеше адам зардап шеккенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз