Ербол Хамитовқа Паралимпиададағы тарихи жеңісі үшін 350 000 доллар төленді

Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алған қазақстандық Ербол Хамитов 350 мың доллар көлемінде төлем алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Үкімет XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы төлеу туралы қаулы қабылдады. Спортшылар мен олардың бапкерлеріне жалпы сомасы 388 млн теңгеден астам қаражат төленді.
Төлемді алған спортшылар:
- Ербол Хамитов – 350 мың доллар;
- Александр Герлиц – 40 мың доллар;
- Владислав Кобаль – 10 000 доллар.
Ақшалай сыйақы спортшылардың бірінші, жеке және бас бапкерлеріне де төленді. Бұдан бөлек, әкімдік Паралимпиада ойындарының чемпионына жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.
Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарында шанамен пара-биатлоннан 4,5 шақырымдық қашықтықтағы жарыста жеңіске жетті, сондай-ақ шаңғы жарысынан «қола» иеленді.