Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты / Фото: Shutterstock

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған жол-көлік оқиғасынан бес бала қаза тапты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

«Апат салдарынан бір отбасының бес баласы шетінеді. Тағы бір бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды, бірақ жағдайы әлі де ауыр», – деп хабарлайды басылым.

Өңірлік полициядан мәлімдегендей, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз