Түркістанда қыз алып қашпақ болған жігіттер полицияға ұсталды

Түркістанда екі жігіт қыз алып қашпақ болған, бірақ оларды дер кезінде полиция байқап үлгерді. Бұл туралы жергілікті «Отырар» арнасы хабарлайды.
Тәртіп сақшылары жол бойындағы Kia автокөлігінің ішінде отырған қыздың қолын бұлғап, көмекке шақырғанын байқайды. Күдік тудырған машинаны тоқтатқанда, бойжеткен жүгіріп шығып, көмектесуін сұрайды.
Аталған жағдай бойынша полиция мәжбүрлеп некеге тұр бабы бойынша іс қозғайды. Бірақ кейінірек бойжеткен жас жігітпен кездесіп жүргенін, бірақ кейін жанжалдасып қалғанын айтады. Ол жігітке қарсы арыз жазудан бас тартады.
Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан ер адамдар ұсталған. Олар үш жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.