Никаб киіп ұрлық жасаған екі ақтөбелік әйел ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ақтөбеде екі әйел ұялы байланыс дүкенінен қымбат смартфондарды ұрлау үшін ерекше тәсіл қолданған.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, олар бет-жүзін жасыратын никаб киіп, дүкеннен телефондарды екі рет қолды еткен.

Кейін ұрланған смартфондарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Полицияның мәліметінше, никаб күдіктілерді бірден анықтауға кедергі болғанымен, олардың жеке басы көп ұзамай белгілі болды. Тергеу барысында екі әйел кінәсін толық мойындап, никабты діни сеніміне байланысты емес, жеке басын жасыру мақсатында кигенін айтқан.

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді, соның ішінде никаб, балаклава, маска және өзге де ұқсас киімдерді киюге тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл талап бет-жүзді жаппайтын және адамды тануға мүмкіндік беретін діни киімдерге қолданылмайды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киім кигені үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз