Тоқаев Парламент депутаттарына алғыс айтты

Бүгін Парламент төрағасының соңғы кеңейтілген отырысы өтті. Арнайы жиынға президент Тоқаев келіп қатысты. Ол депутаттарға осы уақытқа дейін істеген жұмысы үшін алғыс айтты.
«Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін. Құрылтай жаңа тұрпатты Қазақстанның символы болмақ. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды. Осындай маңызды сәтте Сенат пен Мәіжілістің басшылығына және депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Себебі сіздер ел игілігі үшін адал әрі қажырлы еңбек еттіңіздер», – деді ол.
Сондай-ақ ол Amanat партиясының «Әділет» партиясына қосылуын атап өтіп, отыз жылға жуық тарихы бар партия мүшелеріне алғыс айтты.
«Аманат» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын, Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіз», – деп атап өтті Тоқаев,
Тоқаев дерегінше, Парламент 30 жыл ішінде 3,5 мыңға жуық заң қабылдаған. Оның әрбір оныншы заңына депутаттар бастамашы болған. Президент Парламентті «әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына жауап бере алатын жасампаз құрылым» болып қала береді деп бағалады.
Тағы да оқыңыз: AMANAT «Әділетке» қосылды, депутаттардың жоспары қандай?