Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл қадамды елдің энергетикалық егемендігінің кепілі деп атады.
Тоқаев атом энергетикасын дамыту шешімін халық қолдағанын атап өтті. Бұл таңдау 2024 жылы өткен жалпыұлттық референдумда жасалды. Президенттің пікірінше, бұл ел болашағы үшін ең дұрыс шешім болды.
Өйткені Қазақстан уран өндіруден әлемде бірінші орында тұр. Сондай-ақ елімізде дамыған ядролық инфрақұрылым бар. Сондықтан АЭС салу – мемлекет үшін басты басымдықтың бірі. Жана станция болашақ цифрлық экономиканың сенімді негізіне айналады.
Елде өзге де энергетикалық жобалар іске асып жатыр. Мысалы, 2026 жылдың наурызында үш қалада көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО құрылысы басталды.
«Алдағы үш жылда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін технологияларды пайдаланатын үш жылу электр станциясын салуымыз керек. Мұны созуға болмайды. Әйтпесе істен гөрі сөз көбейіп кетті», – деді Тоқаев.
Алғашқы АЭС құрылысы 16,4 млрд долларға бағаланып отыр. Атом станциясын салатын негізгі вендор – «Росатом» басшысы Алексей Лихачевтың айтуынша, құрылыс жұмысы 2030 жылы аяқталуы тиіс.