Үш жылда 6,5 млн баланың шотына Ұлттық қордан 2,3 млрд доллар түскен

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Балалардың шотына 2,3 млрд доллар түсті / Коллаж: kursiv.media, ЖИ-мен жасалған, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы басталғалы үш жылда 6,5 млн баланың есепшотына 2,3 млрд доллар аударылған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

Бұл ретте Тоқаев арнайы конституциялық нормаға сүйене отырып, табиғи байлық азаматтардың бастапқы капиталы ретінде бекітілгенін атап өтті.

«Қазақстан – осындай бірегей бастаманы іске асырған аймақтағы алғашқы мемлекет. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – соның айқын дәлелі. Бұл жобаның тиімділігі жоғары: үш жылдың ішінде 6,5 миллион баланың есепшотына 2,3 миллиард доллар аударылды», – деді ол.

Сондай-ақ Президент қамқорлық шараларының нақты жалғасы ретінде «Келешек» жинақтау жүйесі іске қосылғанын атап өтті. Дарынды балаларға, соның ішінде халықаралық олимпиада жеңімпаздарына жүйелі түрде қолдау көрсетіле бастаған.

«Болашаққа инвестиция салу дегеніміз де – осы. Ал, айналамызда, яғни Еуразия құрлығында қай мемлекет әлеуметтік мақсаттарға осыншама қомақты қаражатты бөліп беріп жатыр? Жауап белгілі сияқты», – деді ол.

«Ұлттық қор -балаларға» бағдарламасы 2024 жылы басталған. Аталмыш бағдарлама бойынша Ұлттық қор инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың есепшотына теңдей бөлініп түседі.

2023 жыл қорытындысы бойынша қордан әр балаға $100 мөлшерінде, ал 2024 жыл үшін 129 доллар шамасында қаражат бөлінді.

2025 жылғы инвестициялық табыс есебінен түскен қаражат 130,71 долларды құрап есепшоттағы ақша 370 долларға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз