Қазақстанда автокөлік өндірісі 36,8%-ға артты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: KursivMedia мұрағаты

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 45 260 автокөлік өндірілді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректеріне сәйкес, бұған тіркемелер мен жартылай тіркемелер қоса кірген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,8%-ға артқан.

2026 жылдың наурыз айында 17 462 бірлік техника өндіріліпті. Бұл 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда 42,8%-ға және ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 19,9%-ға жоғары болды.

 «Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп тұрақты өсім көрсетіп отыр. Наурыз айындағы жоғары динамиканың сақталуы саладағы оң үрдістерді растайды. Автокомпоненттер сегментінде де айтарлықтай өсім тіркелді. Үш ай ішінде автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарының өндіріс көлемі 259,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты. Өндірушілер бұл сегментте қарқынды арттыра түседі», – дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша, өндіріс көлемі 563,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өсім көрсетіп отыр.

2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 14 234 автокөлік өндірді. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) есепті кезеңде 12 778 бірлік техника шығарды. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan 10 755 бірлік нәтижемен алғашқы үштікті түйіндейді.

Айта кететін жайт, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ресми дилерлер NEV сегментіндегі 2 122 жеңіл автокөлік сатты. 

Сондай-ақ оқыңыз