Тоқаев Конго президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Конго президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады / Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының (КДР) президенті Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоға және ел халқына ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұл елді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Президент бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты байланыстар қос халықтың игілігі үшін одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Конго Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал достас елдің халқына құт-береке мен өркендеу тіледі.

Айта кетейік, осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз