Астанада Қорғалжын тасжолындағы қозғалыс 20 күнге шектеледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
КазАвтоЖол
Астанада Қорғалжын тасжолындағы қозғалыс 20 күнге шектеледі / Фото: Қазавтожол

Астанада 1-20 шілде аралығында Қорғалжын тасжолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлады елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан.

Тасжолда автоматтандырылған өлшеу жүйесі (АӨЖ) үшін бетон негізі мен төсемін орнату жұмыстары жүргізіледі.

«Жұмыстарды жүргізу кезеңінде автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта да ұйымдастырылатын болады», – деп ескертті басқарма.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралады.

Айта кетейік осыған дейін Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылысы басталуына байланысты Момышұлы көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз