Топтық кезеңдегі үздік голды өзбек футболшысы соққан

Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродовтың Конго Демократиялық Республикасына қарсы матчта соққан добы үздік деп танылды.
ФИФА-ның ресми сайты хабарлауынша, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең үздік голды өзбек футболшысы соққан.
Шомуродов К тобындағы үшінші тур матчында есепті 10-минутта ашты. Ол Ақмал Мозговойдың бір пасынан кейін өткір бұрыштан қақпашы Лионель Мпаси-Нзоны алдап өтіп, әдемі гол соқты.
ФИФА ұйымдастырған дауыс беруде Шомуродовтың добы 36% дауыс жинады. Екінші орынға Марокко қақпасына гол соққан Гаити құрамасының шабуылшысы Вильсон Изидор ие болды. Ол 26,5% дауыс жинаған.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп жатыр.
Өкінішке орай, Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды.