Өскемен тұрғыны 1900 жылы шыққан тапаншаны полицияға тапсырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
cyngiel.com.pl, бильд-редактор: Дастан Шанай
cyngiel.com.pl, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын ерікті түрде полицияға 1900 жылы шығарылған сирек «Браунинг» тапаншасын тапсырды.

Yk-news ақпаратына қарағанда, 1900 жылғы өздігінен оқталатын Browning тапаншасына мамандардың да назары ерекше ауған. Бұл – әлемдегі алғашқы жаппай шығарылған өздігінен оқталатын тапаншалардың бірі. Оның авторы – әйгілі қару құрастырушы Джон Мозес Браунинг.

Сот-баллистикалық сараптама қарудың техникалық тұрғыдан жарамды екенін растады. Криминалистер химиялық өңдеу арқылы тапаншаның «4821…» деп басталатын сериялық нөмірін ішінара қалпына келтірген.

Полиция заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен толық босатылатынын еске салды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 сәуірден бері заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру республикалық акциясы жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін өңір тұрғындары 49 дана атыс қаруын тапсырған.

Айта кететін жайт, полиция жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркілеген. Оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар.

Сондай-ақ оқыңыз