ҰҚК Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті – видео

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Жақсылық Омар 6 жылға сотталды/фото: facebook.com/zhaksylyk.omar, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы деректі фильмде істің мән-жайы да жарияланған.

Жедел бөлім мәліметіне сәйкес, комитетке Жақсылық Омардың өзіне бағынышты қызметкерлер мен ведомстволық ұйымдардан тұрақты түрде ақша талап етіп жүргені туралы ақпарат түскен. Ол бір топ адамға мансапта өсуге көмектесемін деп, ақша беруден бас тартқан жағдайда жұмыстан қуылатынын айтып қорқытқан. Олар Жақсылық Омар қала әкімі болып тұрған кезде оның қарамағында жұмыс істеген.

Осылайша 2026 жылдың 4 ақпанында Омардың әрекетін әшкерелеу мақсатында оған ақшаның бір бөлігі берілген. Содан кейін тінту барысында Өскемендегі үйінен ақша тәркіленген.

Жақсылық Омар жауап алу барысында кінәсін мойындаған.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омар алаяқтық әрекеті және пара алғаны үшін 6 жылға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз