Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Амнистия туралы заңға қол қойылды/фото: shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық және әкімшілік істерге рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды.

Осылайша 500 мыңнан астам азаматтың айыппұлы кешіріледі. Оның жалпы сомасы 17 миллиард теңгеден асады.

Тізімге енген азаматтардың айыппұлы автоматты түрде кешіріледі. Азамат айыппұлының төленбеген бөлігі рақымшылыққа ілігуі үшін қандай да бір құзырлы органға жүгінбесе болады.

Қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Ауырлығы орташа қылмыстар үшін сотталған келген залалды толық өтеген жағдайда қолданылуы мүмкін.

Қылмыстық істер бойынша рақымшылық 15 мыңнан астам адамға, соның ішінде түзеу мекемелеріндегі 1,5 мың сотталғанға әсер етеді.

Амнистия террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында жасалған әрекеттер, азаптау, сондай-ақ жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз