Tank 300 түбегейлі жаңарды: модель 6 шілдеде таныстырылады

Great Wall Motor компаниясы Қытайда жаңартылған Tank 300 жол талғамайтын көлігінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Autohome мәліметінше, модельдің доңғалақ базасы ұзартылып, салоны кеңейеді және гибридті нұсқаларды қоса алғанда жаңа күштік қондырғылармен жабдықталады.
Сыртқы келбетінде қандай өзгерістер бар
Жаңартылған Tank 300 бұрынғыдай өзіне тән айрықша дизайнын сақтап қалғанымен, бірқатар жаңартуға ие болды. Радиатор торындағы бұрынғы логотиптің орнына ірі TANK жазуы орналастырылған. Сондай-ақ алдыңғы бөлігі бұрынғыдан да еңселі әрі көлемдірек көрінеді.
Жаңа нұсқаның басты ерекшелігі – ұзартылған доңғалақ базасы. Көліктің өлшемдері 4886 × 1984 × 1927 мм, ал доңғалақ базасы 3010 мм-ге дейін ұлғайған. Бұл қазіргі модельмен салыстырғанда 260 мм-ге ұзын.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, қосымша кеңістік негізінен артқы қатардағы жолаушыларға арналған орынды және жүксалғыш көлемін ұлғайтуға жұмсалған.
Салондағы басты жаңалықтар
Салондағы ең көзге түсетін жаңалық – жаңа үлгідегі үш тармақты рөл. Сондай-ақ рөлдегі басқару батырмаларының орналасуы мен дизайны жаңартылған.
Сонымен бірге интерьерде ірі мультимедиялық жүйе экраны мен негізгі функцияларды басқаруға арналған физикалық батырмалар сақталған. Бұл жүргізушіге көлік жүйелерін басқаруды бұрынғыдай ыңғайлы етеді.
Төрт түрлі күштік қондырғымен ұсынылады
Жаңартылған жол талғамайтын көлік төрт түрлі күштік қондырғымен ұсынылады.
Базалық нұсқасы 238 ат күшіне ие жаңартылған 2,0 литрлік турбоқозғалтқышпен жабдықталады. Сонымен қатар 360 ат күшін өндіретін 3,0 литрлік V6 қозғалтқышы да сақталады.
Бұдан бөлек, модель қатарына Hi4-T және Hi4-Z атты екі қуатталатын гибридті (plug-in hybrid) нұсқа қосылады. Нұсқасына қарай олар тек электр қуатымен 105 немесе 200 шақырымға дейін жүре алады.
Жаңартылған Tank 300 көлігінің ресми тұсаукесері мен Қытайдағы алдын ала сатылымы 6 шілдеге жоспарланған.
Еске салсақ, осыған дейін Great Wall Motor жаңа Tank 700 Hi4‑Z жол талғамайтын көлігін ресми түрде таныстырған болатын.