БҚО тұрғыны ұрланған трактормен полициядан қашқан

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Бөрлі ауданындағы алқаптан трактор ұрлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «Мой город» басылымы өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 маусымда болған. Кезекші бөлімге ауыл шаруашылығы техникасының тікелей алқаптан ұрланғаны туралы хабарлама түскен.
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері трактордың қозғалыс бағытын анықтап, күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам тракторды пайдакүнемдік мақсатта ұрламаған. Белгілі болғандай, техника оған адам көп жүретін автожолға дейін жетіп, полицияның қуғынынан бой тасалау үшін қажет болған.
«Ұсталған азаматтың бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс – көлік құралын заңсыз иемденгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Трактор тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Полиция фермерлер мен арнайы техника иелеріне машиналарды алқаптарда қараусыз қалдырмау керектігін ескертті. Сондай-ақ, ведомство ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалануды және оқиға туралы күдік туындаған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласуды ұсынды.
Бұған дейін Павлодарда мас тұрғын полиция көлігін ұрлап әкетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырағаны туралы жазған едік.