Қазақ тілін таңдаған Альфия Балхан ҰБТ-да 140 балл жинады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Альфия Балхан 140 балл жинады
Альфия қазақ әбедиетін оқығанды ұнатады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында орта мектеп бітірген Альфия Балхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған.

Ауыл мектебін бітірген қыз

Емтихан 1 шілдеде Қызылорда қаласындағы білім мекемесінде тапсырылған. Альфия Балхан тестілеу нәтижесі бойынша 138 балл жинады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ол «Қазтест» сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәні бойынша балдарын конвертациялады. Осылайша оның жалпы нәтижесі 140 балл болды.

Қызылордалық Альфия Балхан 140 балл жинады
Тест нәтижесі / фото: Instagram/juz40_online

Классиканы ұнатады

Түлек М. Байділдаев атындағы №232 орта мектепті бітірген. Ол ҰБТ-ға бір жыл бұрын дайындала бастаған.

«Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу», – дейді түлек.

Альфия кішкентайынан қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларын оқығанды ұнатады Сүйікті шығармасы – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы.

«Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын», – дейді 140 балл жинаған қыз.

Айта кетейік, 26 мамырда Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир 140 балл жинаған еді. Ғылым министрлігінің мәліметінше, негізгі ҰБТ-ның жеті аптасында 340 мыңға жуық тест тапсырылды. Шекті балды 70% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 болды. Науқан 10 шілдеге дейін жалғасады.

Осының алдында сынақ талаптарын бұзған түлектің тест нәтижесі жойылған.

Сондай-ақ оқыңыз