Елден түсті металл дайындамалары мен құймаларын шығаруға тыйым салынды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Елден түсті металл дайындамаларын шығаруға тыйым салынды
Елден түсті металл дайындамаларын шығаруға тыйым салынды / фото: shutterstock

Қазақстанда түсті металл дайындамалары мен құймаларын ел аумағынан шығаруға тағы шектеу қойылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 25 маусымда тиісті бұйрыққа қол қойды.

Жаңа құжатқа сәйкес, 12 шілдеден бастап алты ай мерзімге түсті металдардың кейбір түрлерін көліктің барлық түрімен Қазақстаннан шығаруға толық тыйым салынады.

Тыйым салынған тауарлардың тізімі:

  • Тазартылмаған мыс және электролиттік тазартуға арналған мыс анодтары;
  • Прокаттауға арналған дайындамалар;
  • Мыстың өзге де қорытпалары;
  • Электрлік оқшаулағышы жоқ мыстан жасалған есілген сымдар, тростар, өрілген шнурлар және соған ұқсас бұйымдар;
  • Тазартылған мыстан жасалған өзге де өнімдер;
  • Басқа элементтермен салыстырғанда салмағы бойынша сүрме басым болатын бұйымдар;
  • Тазартуға арналған, құрамында 0,02 мас.% немесе одан да көп күмісі бар өнімдер (қара қорғасын немесе веркблей) және басқалары.

Министрлік бекіткен бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап ресми түрде күшіне енеді.

Қазақстанда түсті металл дайындамаларын сыртқа шығаруға бұған дейін де шектеу қойылған еді. Дәл осындай тыйым 2025 жылдың қазанынан желтоқсан айына дейін салынды.

Сондай-ақ оқыңыз