Шуда 60 мың гектар есірткі алқабы анықталды

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде елде 6 тонна есірткі тәркіленді. Бұл туралы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты.
Маусымда 659 құқық бұзушылық анықталған. Жалпы 284 адам адам ұсталып, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау өңірлерінде 119 есірткі алқабы анықталды.
«Есірткі алқабының негізгі бөлігі Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан. Кезінде 148 гектар болған, қазір 60 мыңнан асады. 1989 жылдан бері тексерілмеген екен, кейінгі 1-2 жылда қарап, тексеріп, заңсыз алқаптарды жойып жатырмыз», – деді Бақытжан Әмірханов.
Маусымда Қазақстан шекарасы арқылы 4,3 млрд теңгенің тауары заңсыз өткізілмек болған. Жалпы 1 500-ге тарта құқық бұзушылықтың 32 дерегі есірткі тасымалына қатысты болған.