Sony енді Playstation үшін қатқыл дисктер шығармайды

Sony Interactive Entertainment 2028 жылдан бастап PlayStation-дегі жаңа ойындар үшін қатқыл дисктер шығаруды тоқтатады.
«Sony Interactive Entertainment тұтынушылық трендтерге бейімделіп жатыр. Өйткені цифрлық медиа өнімдеріне деген сұраныс қатқыл дискілерге қарағанда әлдеқайда жоғары», – дейді компанияның контент коммуникациялары жөніндегі аға директоры Сид Шуман жаңа өзгеріс туралы.
Оның айтуынша, бұл процес бұған дейін жарық көрген немесе 2028 жылдың қаңтарына дейін дискіде шығатын ойындарға әсер етпейді. Ал 2028 жылы шығатын жаңа ойындарды PlayStation Store арқылы немесе сауда дүкендерінде сатылатын цифрлық кодтар көмегімен сатып алуға болады.
Көптеген ойыншылар үшін бұл тұтас бір дәуірдің символдық аяқталуын білдіреді. Аудиокассеталар мен CD-дискілер тарих қойнауына кеткені тәрізді дискілер топтамасы, жаңа ойын алу үшін дүкенге бару деген әдет те жойылмақ.
Тағы да оқыңыз: «Халық саны жетпейді»: PlayStation неге Қазақстанда ашылмай жатыр