Ел бойынша 237 судья орны бос тұр
Жарияланды

Елде 237 судья орны бос тұр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары сот кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова айтты.
Сөзінше, былтыр 5 жылдан бері бос тұрған 64 судьяның орнына кадрлар тағайындалды.
Ал 2026 жылы президент жарлығымен аудандық соттардың 159 судьясы тағайындалды.
«Соның нәтижесінде бос тұрған судья орындарының саны 350-ден 237-ге дейін қысқарды. Одан бөлек Жоғары сот кеңесі ұсынған 37 кандидат заңнамада көзделген рәсімдерден өтіп жатыр. Соның нәтижесінде бос лауазым саны 200-ге дейін қысқарады», – деді Оспанова.
Айта кетейік, елде филологиялық сараптама жүргізетін маман да тапшы. Қазір жалпы 1 200-ден астам сот сарапшысы жұмыс істейді. Ішінде тек 28-і ғана филологиялық сараптама жүргізуге маманданған.