Абай облысындағы Орлов шахтасында алты кенші зардап шекті

Абай облысында шахталық клетьтің (лифт) штаттан тыс тоқтауынан кейін Орлов шахтасының алты қызметкері медициналық көмекке жүгінді. Барлық зардап шеккендерге жеңіл дәрежедегі жарақат диагнозы қойылды.
KAZ Minerals компаниясының хабарлауынша, оқиға 1 шілдеде жұмысшыларды түсіруге және көтеруге арналған клетьтің қозғалысы кезінде болған.
«Қозғалыс кезінде шахталық клетьтің шайқалуы орын алды. Кенеттен тоқтау салдарынан Орлов шахтасының алты қызметкері кәсіпорынның денсаулық сақтау пунктіне медициналық көмек сұрап жүгінді», – деді хабарлады KAZ Minerals.
Компанияның мәліметінше, үш кеншіге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емделуге жіберілді.
Тағы үш қызметкер қосымша тексеру үшін Семей қаласының ауруханасына жеткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер олардан да жеңіл дәрежедегі соғылу жарақаттарын анықтады. Ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ, зардап шеккендер амбулаторлық ем қабылдауда.
Қазіргі уақытта мамандар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, мамыр айының соңында дәл осы Орлов шахтасында қайғылы оқиға орын алып, бір кенші қайтыс болған еді.