Алматыда «Тастақ» құрылыс базарын су басты (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Тастақ құрылыс базарын су басты
«Тастақ» құрылыс базары / фото: куәгер түсірген видеодан скриншот, ЖИ көмегімен өңделген

Бірнеше күн жауған жаңбырдан Алматы қаласының кейбір көшелерін су басты. Әсіресе Төле би көшесі бойында орналасқан «Тастақ» базарында су деңгейі айтарлықтай көтерілді.

4 шілдедегі жаңбыр Алматы тұрғындарын тағы да әбігерге салды. Қала көшелерін нөсер суы басты. Мегаполистің түрлі аудандарында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Әсіресе «Тастақ» базарындағы көрініс мемге айналды. Мәселен, Threads қолданушысы осындай бір видеоға мынадай сипаттама берді: Алматыда жаңа локация: Тастақта гүлге көмкерілген бассейн ашылды.

View on Threads

Бұл базар Төле би көшесінің бойында орналасқан. Желілердегі видеоларға қарағанда, сенбі күні қаладағы ең ұзын көшелердің бірін су басып қалды. Көліктер әзер қозғалып жүр. Алматының басқа да аудандарында жағдай оңып тұрған жоқ.

View on Threads

Тұрғындардың кейбірі аяқкиімін шешіп, жалаңаяқ су кешіп жүр. Дәл осындай көріністі Абай даңғылынан байқауға болады.

View on Threads

Тимириязев көшесінен аққан су жаяулар жолына төгіліп жатыр. Тұрғындар, әлбетте, қаланың құрылыс жобасын сынады.

View on Threads

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматының төтенше жағдайлар басқармасы 4-5 шілдеде таулы аудандарда сел жүру қаупі жоғары екенін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз