Трамптың бірауыз сөзі де көмектеспеді: АҚШ Әлем чемпионатынан шығып қалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
ерой матча в Сиэттле Шарль де Кетеларе открывает счет
фото: FIFA

2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының қожайындарының бірі – АҚШ құрамасы үшін турнир аяқталды. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауына қарамастан, «жұлдызды-жолақтылар» 1/8 финалда Бельгия құрамасына шамасы жетпей, ірі есеппен (1:4) ұтылып қалды.

Бельгияның бенефисі

Кездесу басталғаннан-ақ бельгиялықтар ойын тізгінін өз қолдарына алды. АҚШ қорғанысы қарсыластың жылдам шабуылдарына төтеп бере алмады.

Ойынның 9-минутында Николас Раскиннің пасынан кейін Шарль де Кетеларе есеп ашты. Арада көп ұзамай АҚШ сапынан Малик Тиллман (31′) таразы басын теңестіргенімен, де Кетеларе 33-минутта дубль жасап, Бельгияны қайта алға шығарды (1:2).

Үзілістен кейін бельгиялықтар қысымды үдетті. Ойынның 57-минутында тағы да сол де Кетеларенің ассисттігімен Ханс Ванакен есепті 1:3-ке жеткізді.

Кездесудің соңғы нүктесін төреші қосқан қосымша уақытта (90+3′) Ванакеннің пасынан кейін Ромелу Лукаку қойды. Есеп – 1:4.

Қожайындардың өкініші

Турнир қожайындары Канада, Мексика да жарыстан шығып қалған еді. Алайда АҚШ құрамасы өз жанкүйерлері алдында сенімді ойын көрсетуге тырысты. Кристиан Пулишич, Вестон Маккенни бастаған ұжым барын салғанымен, Бельгияның тәжірибесі мен шеберлігі жоғары болды. Ойын барысында Тиллман мен Маккенни сары қағаз алып, жүйкенің сыр бергенін көрсетті. Бапкерлер штабының екінші таймда жасаған алмасулары да ойын өрнегін өзгерте алмады.

Айта кетейік, бұған дейінгі ойында АҚШ-тың шабуылшысы Балогун қызыл қағаз алып, ереже бойынша Бельгиямен кездесуге қатыспауы керек еді. Алайда Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиноға телефон соғып, шешімді қайта қарауды және шабуылшының жазасын алып тастауды сұраған. Осылайша, Трамп араша түскен Балогун алаңға шыққан күннің өзінде, АҚШ Бельгияға қарсы төтеп бере алмады.

Бельгия болса ширек финалда Португалияны ұтқан Испания құрамасымен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз