2030 жылға қарай Қашаған мен Қарашығанақтағы жаңа газ өңдеу зауыттары іске қосылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қашаған мен Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттары 2030 жылы іске қосылады
коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қашаған мен Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыттары 2030 жылға қарай іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2030 жылға қарай Қашағандағы қуаты жылына 2,5 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын, сондай-ақ Қарашығанақта жылына 5 7 млрд текше метр газ өңдеу зауытын іске қосу көзделген.

«Жобаларды іске асыру газ өңдеу көлемін ұлғайтуға, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге және өңірлерді тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді министр.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қуаттылығы жылына 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған ГӨЗ салу жобасының ЕРС мердігері анықталғанын айтты. FEED+EPC келісімге биылғы жылдың төртінші тоқсанында қол қойылады.

Сонымен қатар 2027 жылға қарай қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын Қашағандағы газ өңдеу зауытын және Жаңаөзен қаласындағы қуаты жылына 0,9 млрд текше метр болатын Қазақ газ өңдеу зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Қашағандағы екінші ірі газ өңдеу зауытын Қытай компаниясы салатын болды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, үкімет қаулысымен ірі жобаның EPC-мердігері ретінде China National Chemical Engineering Sixth Construction Company Kazakhstan Branch және China Wuhuan Engineering Corporation Ltd компанияларынан құралған консорциум таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыз