Тауарлық газ бағасы тағы қымбаттай ма – энергетика министрлігі жауап берді

Жыл соңына дейін тауарлық газ бағасы өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Үкіметте өткен брифингте Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жауап берді.
Тұтқышбаев баға жақында ғана өскенін еске салды.
«1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа көтерме бағасы 33%-ға өсті. Біз үшін ең бастысы – елдің сенімді газ инфрақұрылымын қамтамасыз ету екенін түсінуіміз керек. Оны қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, QazaqGaz халық үшін тарифтерді субсидиялайды, сондықтан жылыту маусымына дайындықты уақытылы жүргізу үшін бұл мәселені біртіндеп шешу қажет», – деді Тұтқышбаев.
Оның айтуынша, бағаны жаңадан көтеру әзірге жоспарланып отырған жоқ.
«2026 жылдың соңына дейін бағаның өсуін күтпейміз. 1 шілдеден бастап жаңа бағалар күшіне енді, қазіргі уақытта басқа өзгерістерді күтпейміз», – деп атап өтті вице-министр.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отрысында газға деген сұраныс жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты. Газға деген сұранысты қамтамасыз ету үшін Қазақстан 30 жаңа кен орнынан газ іздейді.