Манас әуежайында 181 жолаушы отырған ұшақтың шассиі сынып кеткен

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
24.kg бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
24.kg бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

TezJet әуе компаниясының Бішкек – Ош бағыты бойынша ұшуы тиіс рейсі ұшақтың шассиі істен шығуына байланысты тоқтатылды.

24 kg ақпаратына қарағанда, оқиға Манас халықаралық әуежайында болған.

Қырғызстан әуежайларының мәліметінше, ұшақ ұшу кезінде артқы шассилерінің бірі сынған.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар жоқ. Барлық жолаушы авариялық трап арқылы эвакуацияланды. Ішкі рейстер терминалында медициналық тексеру ұйымдастырылып, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Жеңіл жарақат алғандарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ұшақ бортында 181 жолаушы, сондай-ақ екі ұшқыш пен төрт бортсерік болған.

Әзірге TezJet әуе компаниясы оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Әуежай әкімшілігі барлық рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Кейінірек «Манас» халықаралық әуежайы төтенше жағдайға байланысты сағат 22:00-ге дейін жабылғаны белгілі болды.

Айта кететін жайт, Swiss жолаушы ұшағы апатты жағдайда Алматыға қонған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз