Жанабыловтардан тәркіленген көліктер мемлекеттік органдарға берілді

Сотталған блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайы Эльмира Төлегеновадан тәркіленген автокөліктер мемлекеттік органдарға берілді. Бұл электрондық сауда-саттық порталындағы ақпаратта көрсетілген.
Порталда сауда-саттық мәртебесі «өтті» деп өзгерген.
Сегіз автомобиль Жанабыловтың сотталған әйелі Эльмира Төлегеновға тиесілі «Zhana Business» ЖШС-не тіркелген. Тәркіленген көлік Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансында болған.
Порталда әр көлік 8 395 000 теңгеге бағаланған.
Сот үкімі
27 сәуірде ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты. Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Ал Эльмира Төлегенованың мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.
Қылмыстық істегі жалпы шығын 247 млн теңге болды.
Олардың 315 млн теңге тұратын көлігі өздеріне қайтарылды.