АҚШ билігі Аргентина футбол федерациясының үстінен тергеу бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Аргентина, Египет, чемпионат мира, футбол, Лионель Месси
Аргентина Әлем чемпионатының ширек финалына шықты / Фото: REUTERS/Carlos Barria

АҚШ-тың Әділет министрлігі мен Федералды тергеу бюросы Аргентина футбол қауымдастығындағы (АФА) қаржылық айла-шарғыларға қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы La Nacion басылымы хабарлады.

Тергеудің мән-жайы

Қазіргі уақытта АҚШ-та өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем чемпионаты аясында Федералды тергеу бюросының агенттері Аргентина федерациясының Штаттар аумағындағы қызметін жіті тексеруге кіріскен. Тергеушілер футбол қауымдастығына тиесілі жүздеген миллион доллардың Американың қаржы жүйесі арқылы қалай өткенін және бұл операцияларда ел заңнамасына қайшы келетін қылмыс белгілерінің бар-жоғын анықтауға тырысып жатыр.

Күдікті транзакциялар мен банк шоттары

La Nacion басылымының қолына түскен құжаттарға сәйкес, негізгі күдік аргентиналық кәсіпкер Хавьер Фарони мен жұбайы Эрика Джиллеттке түсіп отыр. Олар Американың бес бірдей банкіндегі шоттар арқылы қауымдастыққа тиесілі кем дегенде 260 млн долларды аударған.

Ақша аударылған компаниялардың арасында футбол ұйымына ешқандай нақты қызмет көрсетпеген, күмәнді фирмалардың бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта Әлем чемпионатында бағы жанып, ширек финалға жолдама алған Аргентина құрамасының айналасындағы бұл шулы оқиға ФБР-дың тікелей бақылауында тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мысыр футбол федерациясы Аргентинамен болған ойыннан кейін ФИФА-ға шағым түсірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз