Франция – Марокко ойынына толықтай аргентиналық төрешілер тағайындалды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы Әлем чемпионатының ширек финалындағы Франция және Марокко құрамалары арасындағы кездесуге Аргентинадан келген төрешілер бригадасын бекітті.
Бұл ойында бас төреші қызметін Факундо Тельо атқарады. Оған отандастары – Хуан Пабло Белатти, Габриэль Чаде, Дарио Эррера және Кристиан Наварро көмектесетін болады.
Әлем чемпионатындағы алғашқы жағдай
Бұған дейін ағымдағы турнирде ФИФА қосалқы арбитрлер ретінде міндетті түрде басқа ұлттық қауымдастық өкілдерін тағайындап келген еді. Алайда, Франция – Марокко матчында алғаш рет бір ғана елден құралған төрешілер бригадасы қызмет етеді.
ФИФА регламенті мұндай тағайындауларға тыйым салмайды. Негізгі шектеулер төрешілер өз елінің құрамасы қатысатын матчтарда ғана қызмет ете алмайды.
Айта кетерлігі, 19 шілдеде мәресіне жететін Әлем чемпионатында Аргентина мен Франция құрамалары финалда ғана өзара кездесе алады. Бұл екі ұжым 2022 жылғы Әлем біріншілігінің финалында да жолыққан. Сол кезде негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясында Аргентина жеңіске жеткен еді.
Франция – Марокко арасындағы ширек финалдық кездесу 10 шілде күні Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады.
Бұған дейін, Мысыр құрамасы Аргентинамен ойында қызмет еткен төрешіге наразылық білдіріп, ФИФА-ға шағым түсірген еді.