Франциядан жеңілген Марокко жанкүйерлері Еуропада шу шығарды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Alex Slitz / Getty Images

Футболдан Әлем чемпионатында Франциядан жеңіліп қалғаннан кейін Марокко жанкүйерлері жаппай тәртіпсіздіктер жасады.

The Mirror басылымының жазуынша, 9 шілдеде Франция-Марокко матчы аяқталғаннан кейін жанкүйерлер Лондондағы Эджер-роуд метро бекетінің алдына жиналған. Марокколықтар жолды бөгеп, көшедегі қоқыс жәшіктерін төгіп, отшашу атқан. Оларды тәртіп сақшылары тоқтатпақ болғанда қақтығыс болып, бір полицей жараланған. Оның басына шыны бөтелке тиді деген болжам бар. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген 4 адам ұсталды.

Дәл сондай тәртіпсіздіктер Нидерланды астанасы Амстердамда да болды. Қаладағы ғимараттарға өрт қойып, полицияға пиротехника лақтырған 8 адам қамауға алынды. Ал Гаагада тәртіп сақшыларына шыны бөтелке лақтырған 4 адам ұсталды.

Парижде Африка елінің жанкүйерлері дүкендердің әйнегін шағып, қоқыстарды өртеп жіберді. Дегенмен Париж билігі бұзақыларды тойтаруға 20 мыңнан астам полицей жіберді. Қала әкімдігі тез әрекет етіп үлгергендіктен де мұндағы тәртіпсіздіктер деңгейі әлдеқайда төмен болды.

9-нан 10-на қараған түні 2:0 есебімен Франция Марокконы жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша Франция құрамасы жартылай финалға жолдама алған алғашқы ұжымдардың бірі атанды.

Сондай-ақ оқыңыз