Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан неге «Әділет» партиясына қосылмады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
General news бөлімінің редакторы
Мәжіліс депутаттары Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек / фото: коллаж Kursiv Media

Бұрынғы мәжілісмендердің барлығы бірдей «Әділет» қатарына өткен жоқ. Парламентте белсенді болған Бақытжан Базарбек, Абзал Құспан тәрізді депутаттар неге үміткерлер тізіміне енбеді? «Әділет» партиясының съезінен кейін өткен брифингте Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханға тілшілер осындай сұрақ қойды.

Бірақ партия өкілі сұраққа тура жауап беруден бас тартты.

«Талқылау процесінде түрлі мамандармен әртүрлі бағытта әңгіме жүргені рас. Сіздер көрдіңіздер, оған (партия тізіміне – ред.) азаматтың неге кіргенін айтуға болатын шығар. Ал енді неге кірмеді деп талқылау қаншалықты этикаға жатады екен, күмәнім бар», – деді ол.

Рауан Кенжеханның сөзінше, «Аманат» партиясы құрамында болған кейбір депутаттармен келіссөздер жүргізілген.

«Әрине, осыған дейін жұмыс істеген құрамда өз бағыты бойынша тиімді жұмыс көрсеткен, сапалы жұмыс көрсеткен азаматтардың бірсыпырасымен кездесіп, олар жинақтаған тәжірибені жаңа тізімде де қолдану үшін келісімдерге келіп жатырмыз. Менің ойымша, қалай болғанда да жасалған жұмыстың жақсы жақтарын, ілгері жақтарын, ілгері тәжірибені жаңа кезеңге де алып бару өте маңызды. Қазір таныстырған тізімдегі азаматтардың болуы біз үшін өте маңызды», – деді ол.

Бүгін партияның кезекті тыс съезі өтіп, Құрылтай сайлауына түсетін кандидаттар тізімі бекітілді. Олардың қатарында «Аманат» партиясының бұрынғы мүшелері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, тіл мамандары мен заңгерлер де бар

Сондай-ақ оқыңыз