Астананың бірнеше ауданында жарық өшіріледі

Кейбір көшелерде электр энергиясы 18 тамызға дейін болмайды. Жақында Астана бірнеше ауданында электр энергиясы өшіріледі. Бұл туралы «Астана-ӨЭК» АҚ хабарлады.
Сарыарқа ауданында 13 және 14 шілдеде сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін төменгі көшелерде жарық болмайды:
- Юбилейное;
- Берёзка;
- Рябинушка;
- Автомобилист-2.
13-15 шілде аралығында сағат 08.30-дан 16.30-ға дейінгі кезеңде келесі мекенжайлардың тұрғындары электр энергиясынсыз қалады:
- Потанин көшесі, 10, 12, 12/1, 12/2 үйлер және жеке сектор;
- Мәншүк Мәметова (Молдағұловамен қиылысы) көшесі, 17-үй;
- Керегетас көшесі;
- Хмельницкий көшесі.
Сонымен бірге, 14 шілдеден 18 тамызға дейін жарық болмайды:
- Қарталы көшесі;
- Оқжетпес көшесі;
- Жалын көшесі;
- Дулатов көшесі.
14 шілдеде сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін, сондай-ақ, 17 шілдеде сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін:
- Карбышев көшесі;
- Медеу көшесі;
- Жуков көшесі;
- Көктерек көшесі;
- В. Бартольд көшесі;
- Чехов көшесі;
- Ақан сері көшесі;
- Қарталы көшесі.
Байқоңыр ауданындағы Құрманғазы көшесінде электр энергиясы 31 шілдеге дейін сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін өшіріледі.
14-16 шілде аралығында сағат 9.00-ден 16.30-ға дейін жарық болмайды:
- Мәметова көшесі;
- Ағыбай батыр көшесі;
- Иманов көшесі, 10, 10а, 12, 14, 16, 18, 18а, 18д үйлер және жеке сектор.
Сонымен бірге, 17 шілдеге дейін электр энергиясы болмайды:
- Жиенқұлов көшесі;
- Толстой көшесі;
- Толстой тұйығы;
- Толстой бұрылысы;
- Абыралы бұрылысы.