Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы маңызды мәселелерді талқылады.
АҚШ-тың 250 жылдығы
Тоқаев Трампты АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол АҚШ-тың қысқа мерзімде жаһандық державаға айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті Трамп әкімшілігінің ішкі саяси бағыты еліміздегі «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген «Әділетті Қазақстан» стратегиясымен үндесетінін жеткізіп, АҚШ-тың қазіргі саясатын қолдайтынын білдірді.
Ынтымақтастық пен ядролық қауіпсіздік
Президенттер экономикалық және саяси байланыстарды нығайту жайын сөзге тиек етті. Тоқаев өзінің былтырғы қарашада Вашингтонға жасаған сапарының нәтижелері сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.
Қазақстан ядролық қару мен байытылған уранды таратпау ұстанымына адал болып қалады және бұл бағытта МАГАТЭ-мен серіктестікті күшейтеді.
Жақында Ақордада АҚШ сенаторы Стив Дейнспен, Трамптың арнайы өкілі Серджио Гормен және америкалық бизнес өкілдерімен өткен келіссөздерге жоғары баға берілді.
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға Тоқаевпен кездесу үшін АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнстің келгені туралы жазған едік.