Венесуэладағы жер сілкінісінен қайтыс болғандар 4000-нан асты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Венесуэладағы жер сілкінісі
Венесуэладағы жер сілкінісі / фото: Reuters

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты. Соңғы дерек бойынша, 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған. Сондай-ақ 190 ғимарат толығымен қирап, 856 нысанға елеулі зақым келген. Бұл туралы Боливар Республикасы Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді.

Зілзаладан қайтыс болғандар саны күннен күнге артып жатыр. Бұған дейін БҰҰ сарапшылары құрбандар саны он мыңға дейін жетуі мүмкін деп хабарлаған.

Қазір ел билігі және өзге елдерден келген халықаралық құтқару топтары ауқымды құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Іздестіру шаралары барысында 6 462 адам құтқарылды, ал 29 966 азамат ауруханалар мен медициналық мекемелерде емдеуден өтті. Жалпы алғанда зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, тұрғындарға 9 766 тонна азық-түлік жеткізілді.

25 маусымда таңертең Венесуэлада екі жойқын зілзала болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен елдің халқына көңіл айтты

Сондай-ақ оқыңыз