Пара алған полицейге 6,6 млн теңге айыппұл салды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Называла людей «шакалами»: в Атырау наказали полицейскую-блогершу за сторис с обысков
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысы, Ақсу қаласының ауданаралық соты пара алып, істі бұрмалаған полиция қызметкеріне 6,6 млн теңге айыппұл салды.

Сот дерегінше, Ақсуде жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам мас болып, жол апатын жасаған. Әкімшілік істі қарау барысында ол сотқа жүкті екендігі туралы жалған анықтама ұсынып, соның негізінде әкімшілік қамақ жазасы айыппұлмен ауыстырылған.

Кейін прокурорлар тексеріс жүргізіп, медициналық құжаттың жалған екенін анықтады. Мамандардың жедел жұмысы нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық қылмысы әшкереленіп, жауаптылықтан жалтарған адамның жалған құжат пайдаланғаны дәлелденді.

Сот полиция қызметкерін пара алғаны және әкімшілік іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін кінәлі деп танып, оған ірі көлемде айыппұл салды. Сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте және өзге де лауазымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталған адам атағынан айырылды, ал пара ретінде алынған ақша мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ал Таразда екі полицей шетелдіктің қалтасына есірткі салды деген күдікке ілінді. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз