Вьетнамда туристер мінген қайық апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты
Жарияланды

Вьетнамдағы Фукуок аралы жағалауында 36 адам мінген туристік қайық аударылып, 15 адам қаза тапты деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Қайық бортында Үндістаннан келген 32 турист пен экипаждың төрт мүшесі болған. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Іздестіру-құтқару операциясына екі кеме мен төтенше жағдайлар қызметінің 35 қызметкері жұмылдырылды.
Апаттан 21 адам құтқарылды. Қаза тапқандардың ішінде екі әйел мен 13 ер адам бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа ірі толқындар мен дауылды жел себеп болған.
Бұған дейін Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асқаны хабарланған.