Астанада қоқыс полигонындағы өрт үш тәуліктен соң сөндірілді
Жарияланды

Астана қаласы Байқоңыр ауданында орналасқан қоқыс полигонындағы өрт жексенбі күні кешке толық сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.
Елорда маңындағы қоқыс полигоны өртеніп жатқаны 9 шілдеде кешке мәлім болған. Ал 12 шілдеде түсте тілсіз жаумен әлі алысып жатқаны айтылған. Дегенмен министрлік жексенбі күні кешкі сағат 21:29-да өрт толық сөндірілгенін хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, полигонға шамамен 15 мың тонна инертті материал жеткізіліп, пайдаланылды. Топырақ өрт ошақтарын оқшаулауға, полигон аумағын барынша жабуға және оттың қайта таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Қоқыс полигонындағы өрт 3 гектар аумаққа таралғаны мәлім болды.