Chevrolet қайтадан көш бастап, Changan алғашқы үштікке кірді

Қытайлық брендтер нарықтағы үлесін арттырып жатқанымен, Chevrolet Cobalt әзірге өз орнын ешкімге берген жоқ. Маусым айында қазақстандықтар Chevrolet брендіне тиесілі көлікті көбірек сатып алған. Ал Changan бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп, алғаш рет үздік үштікке енді. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік одағы» (ҚАО) мәлімдеді.
Маусымдағы ең танымал автокөлік брендтері
ҚАО мәліметінше, маусым айында ресми дилерлер 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға көп.
Ай қорытындысы бойынша сатылым көшбасшылары:
- Chevrolet – 3 117 көлік (+39,9%);
- Hyundai – 3 034 көлік (-26%);
- Changan – 2 565 көлік (+121,5%);
- Chery – 1 996 көлік (+40,9%);
- Haval – 1 677 көлік (+63,8%).
Ал алғашқы ондыққа JAC, Kia, Jetour, Toyota және Geely брендтері де енді.
Жарты жылда 105 мыңнан астам жаңа көлік сатылды
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 105 886 жаңа автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың рекордтық көрсеткішінен 0,9%-ға жоғары.
Жартыжылдық қорытындысы бойынша:
- Chevrolet – 17 586 көлік;
- Hyundai – 17 247;
- Kia – 12 332;
- Changan – 9 471;
- Chery – 8 143.
Одан кейін Haval, Jetour, JAC, Toyota және Geely орналасқан.
Changan позициясын айтарлықтай нығайтты
ҚАО мәліметінше, биылғы жартыжылдықтағы ең үлкен өсімді Changan көрсетті.
Брендтің сатылымы 89,2%-ға өсіп, 9 471 автокөлікке жетті. Осы нәтижемен Changan алғаш рет Қазақстандағы ең көп сатылатын брендтердің алғашқы төрттігіне көтерілді.
Қандай модельдер ең көп сатылды
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ең көп сатылған модель – Chevrolet Cobalt. Оның сатылымы 16 370 данаға жетті.
Үздік ондыққа сондай-ақ:
- Hyundai Tucson – 8 601;
- Kia Sportage – 5 200;
- Changan CS55 Plus – 4 017;
- Hyundai Mufasa – 3 119;
- Haval Jolion – 2 836;
- Changan CS35 Max – 2 706;
- Chery Tiggo 2 – 2 585;
- Haval M6 – 2 396;
- Chery Tiggo 7 – 2 393 көлік кірді.
ТОП-20: 2026 жылғы маусымдағы жаңа жеңіл және коммерциялық автокөліктер саудасы
| МАУСЫМ | ҚАҢТАР–МАУСЫМ | |||||
| 2025 | 2026 | % | 2025 | 2026 | % | |
| Chevrolet | 2 228 | 3 117 | 39,9% | 13 306 | 17 586 | 32,2% |
| Hyundai | 4 102 | 3 034 | -26,0% | 24 148 | 17 247 | -28,6% |
| Changan | 1 158 | 2 565 | 121,5% | 5 005 | 9 471 | 89,2% |
| Chery | 1 417 | 1 996 | 40,9% | 7 316 | 8 143 | 11,3% |
| Haval | 1 024 | 1 677 | 63,8% | 5 792 | 6 730 | 16,2% |
| JAC | 852 | 1 600 | 87,8% | 4 727 | 4 745 | 0,4% |
| Kia | 2 203 | 1 422 | -35,5% | 11 319 | 12 332 | 8,9% |
| Jetour | 1 493 | 1 230 | -17,6% | 7 242 | 5 774 | -20,3% |
| Toyota | 849 | 964 | 13,5% | 4 559 | 3 997 | -12,3% |
| Geely | 773 | 692 | -10,5% | 5 271 | 2 926 | -44,5% |
| BYD | 200 | 483 | 141,5% | 598 | 2 042 | 241,5% |
| Geely Galaxy | 302 | 0,0% | 1 694 | 0,0% | ||
| GAZ | 305 | 275 | -9,8% | 1 894 | 1 439 | -24,0% |
| Soueast | 270 | 0,0% | 467 | 0,0% | ||
| MG | 66 | 254 | 284,8% | 285 | 713 | 150,2% |
| JAC Trucks | 111 | 167 | 50,5% | 436 | 723 | 65,8% |
| Tank | 253 | 152 | -39,9% | 1 127 | 918 | -18,5% |
| Howo | 32 | 134 | 318,8% | 136 | 531 | 290,4% |
| Li Auto | 133 | 0,0% | 588 | 0,0% | ||
| Lexus | 277 | 119 | -57,0% | 1 265 | 557 | -56,0% |
| Басқалар | 2 083 | 1 275 | -38,8% | 10 527 | 7 263 | -31,0% |
| Жалпы нәтиже | 19 426 | 21 861 | 12,5% | 104 953 | 105 886 | 0,9% |
Нарықта бәсекелестік күшейіп келеді
ҚАО президенті Анар Мақашеваның айтуынша, жалпы сатылым көлемі айтарлықтай өзгермесе де, нарықтың ішінде маңызды өзгерістер байқалады.
«Қазақстанның автокөлік нарығы әлеуетін арттыруда. Жалпы сауда көлемі айтарлықтай өзгермегенімен, нарық ішінде елеулі өзгерістер жүріп жатыр: бәсекелестік күшейіп, сатып алушылардың бағаға, технологияға және қызмет көрсету сапасына қоятын талабы арта түсті. Қазір нарықта тек көлем емес, клиент сұранысына қаншалықты жылдам бейімделу маңызды болып отыр», – деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда электрокөліктер мен гибридтер нарығының саудасы да қызып тұр. NEV (New Energy Vehicles) сегментіндегі автомобильдер саудасы төрт айда бес есеге жуық өсті.