Алматы әуежайы түрік акционеріне 2023 жылғы табысынан тағы да дивиденд төлемек

Алматы әуежайы 2023 жылғы бөлінбеген табысынан акционеріне дивиденд төлемек.
Акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген құжатқа сәйкес, үлестірілетін қаражат көлемі 11 491 975 АҚШ долларын құрайды, бұл компанияның 2023 жылғы 79,3 млн доллар таза пайдасының 14.5%-ына тең.
Дивиденд есептеу шешім қабылданған күнгі, яғни 2026 жылғы 25 маусымдағы Ұлттық Банкінің ресми бағамымен жүргізілді. Осы күнгі бағам 1 АҚШ доллары үшін 487.02 теңге деп белгіленген. Нәтижесінде «ТАВ Қазақстан» ЖШС (TAV Kazakhstan) пайдасына төленетін жалпы дивиденд сомасы 5,6 млрд теңгені құрады.
Компанияның әрбір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 146.56 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. Бұл көрсеткіш ұлттық валютамен есептегенде 71 мың теңгеге сәйкес келеді.
Шешім бойынша барлық төлемдер ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда аударылады. Қаражат «ТАВ Қазақстан» ЖШС-нің ресми банктік шотына компанияның жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешімінен кейін үш ай ішінде аударылмақ.
Әуежай бұған дейін 2023 жылғы табысының 13%-ын дивиденд ретінде төлеген. Ол кезе акционердің шотына 10,3 млн доллар түскен.
Қазіргі уақытта әуежайдың 85% акциясы түріктің танымал TAV Havalimanlari Holding компаниясына, ал 15%-ы Қазақстанның инфрақұрылымдық қорына тиесілі.