Қазақстандағы ақылы жол абонементтері қанша тұрады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Ақылы жолдармен жүруге арналған абонемент бағасы қанша / Фото: Shutterstock

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы қазақстандықтарға ақылы жолдармен жүруге арналған абонементтің құны мен оны рәсімдеу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ жүргізушілерге айлық және жылдық абонемент сатып алуға болатынын еске салды.

Ол үшін көлік құралы ақылы жолдар учаскесіне іргелес аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.

Ал абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

Абонементтің екі түрі бар: бір айлық және бір жылдық.

Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн):

– жеңіл көліктерге қарастырылмаған;

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 1 АЕК (4 325 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 2 АЕК (8 650 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 6 АЕК (25 950 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 3 АЕК (12 975 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 8 АЕК (34 600 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 4 АЕК (17 300 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 10 АЕК (43 250 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 5 АЕК (21 625 теңге).

Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн):

  • жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (4 325 теңге);
  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 20 АЕК (86 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 12 АЕК (51 900 теңге);
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 40 АЕК (173 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 24 АЕК (103 800 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 36 АЕК (155 700 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан асатын, бірақ 15 тоннадан аспайтын жүк автомобильдері үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 80 АЕК (346 000 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 48 АЕК (207 600 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін – I санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 100 АЕК (432 500 теңге), II және III санаттағы автомобиль жолдары бойынша – 60 АЕК (259 500 теңге).

Абонементті рәсімдеу жолдары

Абонементті үш жолмен сатып алуға болады: 1403 байланыс орталығы арқылы, kaztoll.kz сайты арқылы, сондай-ақ ақы төлеу пунктері немесе клиенттерге қызмет көрсету орталықтарынан рәсімдеуге болады.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» жыл басынан бері ең көп пайдаланылған ақылы жолдарды атаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз