Бішкек билігі шенеуніктерді велосипедпен жүруге шақыруда

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
жаңбырлы күн, ауа райы
Бішкек билігі шенеуніктерді велосипедпен жүруге шақыруда / фото: REUTERS/Jana Rodenbusch

Бішкек қаласының басшылығы мемлекеттік қызметкерлерді велосипедті белсенді тепкені үшін ынталандыра бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қала әкімшілігі шенеуніктерге жұмысқа барып-келу үшін велосипедтерді пайдалануды ұсынады. Жоба көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға, сонымен қатар мыналарға көмектеседі:

  • велосипедті толыққанды қалалық көлік ретінде танымал етуге;
  • экологиялық жағдайды жақсартуға;
  • қалаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға.

Жобаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады. Оған мэрияның құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, сондай-ақ муниципалдық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері қосыла алады. Белсенділік танытқаны үшін шенеуніктерді ынталандырып отырады.

«Бастаманың негізгі мақсаты – велосипедтің экологиялық жағдайды жақсартуға, денсаулықты нығайтуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға ықпал ететін ыңғайлы, қолжетімді әрі тиімді қалалық көлік түрі екенін көрсету. Бастаманың ең белсенді қатысушылары мэрияның ресми ақпараттық ресурстарында атап өтіліп, тоқсан мен жыл қорытындысы бойынша белгіленген тәртіппен ынталандырылады», – делінген хабарламада.

Муниципалдық құрылымдар қызметкерлерінің жеке үлгісі тұрақты қалалық ұтқырлықтың (мобильділіктің) артықшылықтарын көрсете алады деп сенеді әкімдік.

Айта кетейік, осыған дейін велосипед тебу ерлер денсаулығына қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз