Мұхтар Жәкішевтің қызы мен күйеу баласы Испанияда үйлену тойын өткізді

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева мен күйеу баласы Карл Оби Испанияда үйлену тойын өткізді. Мерекеде қонақ болған миллиардер Арманжан Байтасов той суреттерін желіде жариялады.
Салтанатты шара Барселона маңындағы Bell Reco сарайында өткен. Вилла алдында қалыңдық пен күйеу жігіт бір-біріне сақина салды. Ал ресми рәсім біткеннен кейін қонақтар кешкі асқа барып көңіл көтерді.

Арманжан Байтасов мерекеге жұбайы Дилярамен бірге келген. Қонақтар арасында Алтынай Жәкішеваның анасы Жәмилә да көрінді.
27 жастағы Алтынай Лондонда модель, ал күйеу баласы Карл Оби – инвестиция саласында жұмыс істейді. Олар осы жылы жазда Лондонда неке қиды. Нигериялық құдалар Алматыға келіп, ұзату тойына да қатысты.