Үкімет әлемнің 200 жетекші компаниясын Қазақстанға тартуды көздейді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Астана
Билік алпауыт компанияларды Қазақстанға тартуды көздейді / фото: shutterstock

Қазақстан үкіметі әлемнің 200 жетекші компаниясының тізімін дайындады. Солардың ішінде 40 халықаралық компания қызығушылық танытты. Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметтің сейсенбідегі отырысында осылай деп мәлімдеді.

Жұманғарин алпауыт компанияларды «әлеуетті стратегиялық серіктестер» деп атады. Алайда шенеунік олардың нақты қандай компания екені туралы ештеңе айтпады. Дегенмен солардың бірқатары Қазақстан экономикасына кіруге ниет білдірген.

«2026 жылғы наурыздан бері жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы бойынша 40 халықаралық компания қызығушылық танытты», – деп мәлімдеді вице-премьер.

Оның айуынша, алдағы айларда әрбір сегменттегі әлеуетті стратегиялық серіктестермен нақты келіссөздер басталады.

Үкімет мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция 9,5 трлн теңгеге жетіп, 9,6%-ға өскен. Оның ішінде жеке инвестициялар 21,4%-ға ұлғайған.

Жұманғарин сейсенбідегі жиналыста 2026 жылғы алғашқы тоқсанда халықтың шынайы табысы 0,1%-ға көтерілгені туралы есеп берген.

Сондай-ақ оқыңыз