Құрылтай сайлауы-2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«kz.kursiv.media» ресми интернет-ресурсында сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы

Осы ақпараттық хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы № 2464 Конституциялық заңының (2026 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістері мен толықтыруларымен және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысымен бекітілген «Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларының» (2026 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша өзгерістері мен толықтыруларымен) бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы «Құрылтайының» депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргізуі үшін беретін ақы мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялау бөлігіндегі талаптарын орындау мақсатында 2026 жылдың 14 шілдесінде жарияланды.
«Alteco Partners» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік), БСН 101 240 014 149, «kz.kursiv.media» интернет-басылымының меншік иесі (мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою туралы 04.02.2022 жылғы № KZ13VPY00045579 куәлік), осы арқылы 2026 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 1338 Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға қатысатын, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған Қазақстан Республикасының саяси партияларына «kz.kursiv.media» интернет-басылымында сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастырудың құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
Сайлауалды үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:00-ден басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.
Үгіт материалдары Серіктестіктің «kz.kursiv.media» ресми сайтында, сондай-ақ оның Instagram, Telegram, TikTok және Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында «Сайлауалды үгіт» деген белгімен мынадай форматтарда орналастырылуы мүмкін:
| Қызмет түрі | Қызмет атауы | Құны (ҚҚС-пен), тг. |
| Дайын материалды жариялау (7 000 таңбаға және10 фотосуретке дейін) | Интернет-басылымның басты бетіне шығару | 600 000 |
| Саяси партия ұсынған ақпарат негізінде Серіктестік редакциясының материал дайындауы (7 000 таңбаға және 10 фотосуретке дейін) | Интернет-басылымның басты бетіне шығару | 840 000 |
| Сұхбат (15 000 таңбаға дейін және 5 фотосуретке дейін) | Интернет-басылымның басты бетіне шығару | 900 000 |
| Үгіт материалын Instagram-да жариялау | Пост/Reels | 420 000 |
| Үгіт материалын Telegram-да жариялау | Пост | 455 000 |
| Үгіт материалын TikTok-та жариялау | Видео | 350 000 |
| Үгіт материалын Threads-те жариялау | Пост | 280 000 |
Серіктестік Үгіт материалдарын кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған тиісті саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде ғана орналастырады. Шартта үгіт материалдарының саны, көлемі, сондай-ақ оларды жариялаудың болжамды күні мен уақыты айқындалады.
Саяси партиялармен Шарттар аталған Өтініштердің келіп түсу кезектілігі тәртібімен Шарт жасасу үшін саяси партиялардың Серіктестік мекенжайына жолдайтын тиісті Өтініштері негізінде жасалады.
Саяси партиялармен жасалатын шарттар саясаи партиялардың Серіктестікке жолдаған тиісті өтініштердің келіп түсу кезектілігіне сәйкес жасалады.
Өтініштер тіркеу журналында есепке алынады. Үгіт науқаны кезеңінде аталған тіркеу журналын жүргізуді Серіктестік өз мойнына алады.
Саяси партиялар Серіктестік мекенжайына жолданатын жазбаша Өтінішке міндетті түрде:
- партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
- саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі және өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- саяси партияның атынан шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар және оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- үгіт материалының қағаз және электрондық нұсқадағы мәтіні қоса тіркелуі керек.
Үгіт материалдары оларды «kz.kursiv.media» интернет-басылымында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram, TikTok және Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жариялау жоспарланған күннен кемінде бір күнтізбелік күн бұрын ұсынылуға тиіс.
Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Үгіт материалдарын «kz.kursiv.media» интернет-басылымында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram, TikTok және Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында орналастыру кезектілігі саяси партиялардың өтініштері келіп түскен уақытқа қарай, тиісті Шарттарға қол қойылғаннан кейін айқындалады.
«kz.kursiv.media” сайтында немесе интернет-басылымның Instagram, Telegram, TikTok және Threads әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланатын үгіт материалдарының таралымы мен жариялау көлемі партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партия үшін бірдей болады.
Серіктестік үгіт материалдарын Шарт негізінде орналастырады. Осыған байланысты орналастыру шарттары ақысы төленген орналастыру көлеміне байланысты өздерінің партиялық тізімдерін ұсынған кез келген саяси партиялар үшін бірдей болады.
Саяси партия ұсынылған мәліметтердің шынайылығына кепілдік береді және үгіт материалының мазмұны үшін өзі жауапты болады. Үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлға туралы деректер болуға тиіс.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соның ішінде материалдарда:
- конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақырулардың болуы;
- мемлекеттің аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне нұқсан келтіру;
- әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе өзге де алауыздықты қоздыру;
- қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау;
- басқа кандидаттардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер
болған кезде Үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе оларды таратуды тоқтатуға құқылы.
Үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі жасалған шарт бойынша төлем Серіктестік ұсынған төлем шотының негізінде, үгіт материалдарын орналастыру туралы тиісті шартта белгіленген тәртіппен және талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі жазбаша өтініштерін Серіктестік 2026 жылғы 13 шілде мен 17 тамыз аралығында (қоса алғанда) жұмыс күндері сағат 09:30-дан 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, мына мекенжайлар бойынша қолма-қол қабылдайды:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 115 ғимарат, «Kaisar Plaza» кеңсе орталығы, 5-қабат.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 31, 2-қабат, 225-кабинет.
Серіктестік өтініштерді қабылдаудың өзге тәсілдерін, атап айтқанда факсимильді байланыс, интернет желісі арқылы немесе өзге де ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген өтініштерді қабылдамайды және қарамайды.