«Челсидің» жаңа бапкері Хаби Алонсо Дастан Сәтбаевты алаңда сынап көрді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Дастан Сәтбаев және "Челси" футболшылары
«Қайрат» түлегі Дастан Сәтбаев Лондонда жаттығып жүр / фото: «Челси» ФК

«Челси» футбол клубының жаңа бапкері Хаби Алонсо негізгі құрам футболшыларын жаттықтырып, тағы да Дастан Сәтбаевты шақыртты. 17 жастағы қазақ футболшысы Коул Палмер сынды жұлдыздармен бірге жаттығып, бапкердің арнайы сынағынан өтті.

Оқу-жаттығу Лондон шетіндегі Кобхэм ауылында өтіп жатыр. «Челси» базасы осында орналасқан.

Дүйсенбі күні «Стэмфорд Бридж» стадионында жаңа бапкер Хаби Алонсоны БАҚ өкілдеріне таныстыру рәсімі өтті. Сол күні таңертең ол клуб базасында футболшыларды жаттықтырды.

Дастан Сәтбаев және "Челси" футболшылары
Жылдамдық пен төзімділік сынағы / фото: «Челси» ФК

«Челси» таратқан мәліметте жаттығу барысында футболшылардың жылдамдығы мен төзімділігіне мән берілгені айтылды. Олар белгілі бір уақыт ішінде қос жолақты айнала жүгіруге тиіс болған.

Сәтбаевтың Алонсо сынағынан қалай өткені әзірге белгісіз. Бірақ бас бапкердің қазақ футболшысы негізгі құрамға қайта-қайта шақыртуының өзі айтарлықтай маңызды оқиға болып отыр.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев жаңа бапкердің жаттығуына өткен аптада да қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз