Қазақстанда тағы екі банк әмбебап лицензия алды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА ) Halyk Bank пен Kaspi Bank лицензияларын ресми түрде қайта рәсімдеді. Жаңа жүйе бойынша екі банк те әмбебап лицензия алды.
Жаңа құжат банктерге базалық лицензиямен салыстырғанда ешқандай шектеусіз, банк операцияларының толық спектрін жүргізуге құқық береді.
Сонымен қатар жаңартылған лицензияларға банкаралық операцияларды жүргізу бойынша кеңейтілген өкілеттіктер ресми түрде енгізілді. Енді Kaspi және Halyk мына қызметтерді атқара алады:
- Банкаралық займ беру;
- Банкаралық кепілдік пен кепілгерліктер ұсыну;
- Өзге де банкаралық операцияларды жүзеге асыру.
Банктердің әмбебап және базалық лицензияларға бөлінуі – 2026 жылдың басында қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңның нәтижесі.
Қазақстанда ондаған жылдар бойы «бірыңғай лицензия» қағидаты қолданылып келді. Ол жүйеде банктердің көлемі мен ерекшелігіне қарамастан, реттеушілік талаптардың бәріне бірдей қатаң болуы көзделген еді.
Жаңа ереже бойынша алғашқы болып жаңа үлгідегі әмбебап лицензияны Freedom Bank алды. Заң талабына сәйкес, елдегі басқа банктер жаңа заң күшіне енгеннен кейін алты ай ішінде өз құжаттарын қайта рәсімдеуге міндетті.