Франция – Испания: жартылай финал ойынын айдан көруге болады

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жақындап қалды. Бүгін дүбірлі доданың ең басты текетірестерінің бірі Франция мен Испания арасындағы ойын өтеді. Азулы қарсыластар Арлингтондағы (АҚШ) атақты «AT&T Stadium» стадионында бақ сынасады.
Тікелей трансляция
Қос алпауыттың кездесуі 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Отандық футболсүйер қауым ойынды Qazaqstan мен Qazsport арналарынан көре алады.
Финалға дейінгі жол
Екі ұжым да турнир басталмас бұрын фаворит болып саналды. Франция плей-офф кезеңінде Швецияны 3-0 айқын басымдықпен жеңді. Одан кейін Парагвай құрамасын 1:0 есебімен жеңсе, ширек финалда Мароккодан (2:0) айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды.
Испания болса 1/16 финалда Австрия құрамасының тас-талқанын шығарды (3:0). Одан кейінгі кезеңдерде Португалияны (1:0) және аса тартысты өткен матчта Бельгияны (2:1) тізе бүктіріп, осы кезеңге жетті.
Бұл ойында кімнің бағы жанып, финалға жолдама алатыны бүгін түнде анықталады. Ал ертең түнде екінші жартылай финалда Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі.