Миллионер Кеңес Рақышев дивиденд алудан бас тартты

Миллионер Кеңес Рақышев Fincraft Group компаниясынан дивиденд алмайтын болды. Жалғыз акционердің шешімі қор биржасындағы хабарламада жазылған.
Акционер шешіміне сәйкес, компанияның 2025 жылғы аудиторлық есебі бекітіледі.
«Осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Серіктестіктің 2025 жылға арналған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту. 2025 жылғы қызмет нәтижелері бойынша таза табысты бөлмеу және дивидендтер төлемеу», – делінген хабарламада.
Рақышев бұған дейін де дивиденд алудан бас тартқан.
Fincraft Group холдингінің қаржылық есептілігіне сүйенсек, компания 2025 жылды 16,78 млрд теңге таза пайда алған.
Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең дәулетті бизнесмендері рейтингінде 27-орында тұрған Кеңес Рақышевтің байлығы 402 млн долларға бағаланады. Кәсіпкер «БТА» АҚ мен Fincraft Resources компанияларына дәл осы Fincraft Group арқылы иелік етеді.